Жемқорлыққа қарсы күрес

Құрметті сайтқа кірушілер!
Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы
медициналық-санитариялық көмек орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіздер.

Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі - Кәсіпорын қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады , сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «Достық» медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» шаруашылық пайдалану құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді.

Егер сіз Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және әдеп нормаларын бұзушылықтарға, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке +77272 647-892 телефон нөмірі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хабарласа аласыз немесе Агенттіктің тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаменттеріне.

Өтінішті:

1. 010000, Астана қаласы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 24 пошталық мекенжайы бойынша жазбаша түрде;

2. Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда, egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы;

3. Тіркеле отырып, 1424.kz порталы арқылы беруге болады.

Тәулік бойы call-centr 1424 нөміріне хабарласа отырып, Агенттік қызметінің мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңға сәйкес, мынадай өтініштер қарауға жатпайтынын түсіндіреміз, олар:

1) иесi бүркемеленген өтiнiш, яғни мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда;

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекенжайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш болып танылатынын атап өтеміз.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойныша әдістемелік ұсынымдар

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

 

Астана қаласы әкімдігінің "Достық" АМСК орталығы " ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау ХАТТАМАСЫ

БАЙЛАНЫСУ

Астана қ., Ж.Досмухамедулы к., 24

  • dummy+7 (7172) 64-78-91, +7 (7172) 64-78-94 (регистратура)

  • dummy+7 (7172) 69-71-89 (СППиВК)

  • dummy center-dostyk@mail.ru

  • Амбулатория 1 - ул. Чехова, 14

  • Амбулатория 2 - ул. Т. Шонанулы 41, ВП-3

Жаңалықтарға жазылу

Біздің соңғы жаңалықтарымызға жазылыңыз!