Сатып алуды ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Нұр-Сұлтан, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық мақсаттағы бұйымдарды баға ұсыныс сұранымы әдісімен сатып алуды бұйымдарды сатып алу бойынша сұрату тәсілімен өткізу туралы хабардар етеді.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы ақпараттар осы хабарландырудың 1 қосымшасында көрсетілген (сатып алынатын тауарлардың тізбесі).
Жеткізу мерзімі және талаптары – Тауарды жеткізу мерзімі: өнім беруші жыл ішінде өтінімді алғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде жеткізуді жүзеге асырады, келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24 жүзеге асырады. Дәріхана қоймасының өкіліне өнім берушіден шығыс жүкқұжаттың жэне шот-фактураның негізінде тауар саны мен сапасы бойынша беріледі
Тапсырыс беруші нақты тауарды жеткізілген күннің 30 күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушінің шығыс жүктемесіне қол қойған сәтінен бастап және Өнім берушінің шот-фактураны, шарт көшірмесін немесе жеткізушінің ұсынған және өндірушінің мәртебесін растайтын, өндірушінің ресми дистрибьтерінің немесе ресми өкілінің өзге құжаттары ұсынғаннан кейін төлем жүргізеді.
Әлеуметті өнім берушінің баға ұсыныстарының аузы бекітілген конверттерде, мына мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24, 3-қабат, директордің қабылдауы с 14с. 00 мин. 11.03.2021 г. бастап - 14 с. 00 мин. 18.03.2021 ж. дейін ұсынылады.
Әлеуметті өнім берушінің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу 14 сағ. 30 минутта 18.03.2021 ж. келесі мекенжайда: Нұр-Сұлтан, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24, мәжіліс залында өткізіледі.
Әлеуметті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың ақырғы мерзіміне дейін берген бағалы ұсыныстарын қайтарып алуға құқылы.
Әлеуметті өнім берушінің баға ұсыныстарын ұсынуы хабарландыруда, сатып алу туралы шарттың жобасында, сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасында қарастырылған сұрау талаптарына сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға оның келісім білдіргендігі болып саналады.
Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін желімделген түрде тек 1 (бір) баға ұсынысын ғана береді, онда келесі құжаттар болады:
- хабарландырудың қосымшасына сәйкесты нысанда өнім берушінің қолы қойылған және мөр басылған (бар болса) бағалық кестесі. Өнім берушінің баға ұсыныстарын жеткізуге қатысты барлық шығыстар, оның ішінде салықтар кіреді;
- лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсаты;
- ҚР 1729 Қ 4 тарауында белгіленген талаптармен ұсынылатын тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттар.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларға (бұдан әрі – хабарландырулар) сатып алынатын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, диагностикалық құралдарды және реактивтерді берілген (хабарландыруға 1 қосымша), баға ұсыныстарының нысаны (хабарландыруға 12 қосымша), типтік шарттың нысаны (хабарландыруға 12 қосымша) және осы хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Аузы жабылған баға ұсыныстары салынған конверттердің оң жағында өнім беруші мыналарды:
- өнім берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды адресі,
- сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекенжайы,
- өнім берушінің қатысу үшін баға ұсыныстарын бар тауардың атауын көрсетеді.
10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
- Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін желімделген түрде тек бір баға ұсынысын ғана береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
- Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын ұсынуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартының немесе фармацевтикалық қызмет көрсету шартының талаптары сақталып, тауарды беруді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.
- Жеңімпаз болып ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады, бұл туралы оны тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы хабардар етеді.
Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайда, баға ұсыныстарын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 113-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.
Баға ұсыныстары болмаған жағдайда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.
- Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттың (хабарламаның) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелерін ұсынады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмелері (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
4) заңды тұлға үшін жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі);
5) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер;
6) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
7) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе);
8) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
9) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың 14-тармағындабелгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алудың қорытындысын бекіту туралы шешім Сатып алуды ұйымдастырушының оның бекітілген күннен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Интернет-ресурсқа жарияланады,тел 8705 528 66 73