Сатып алуды ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен медициналық мақсаттағы бұйымдарды баға ұсыныс сұранымы әдісімен сатып алуды бұйымдарды сатып алу бойынша сұрату тәсілімен өткізу туралы хабардар етеді.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы ақпараттар осы хабарландырудың 1 қосымшасында көрсетілген (сатып алынатын тауарлардың тізбесі).
Жеткізу мерзімі және талаптары – Өнім беруші тауарларды жеткізуді екі тарап шартқа қол қойғаннан кейін тапсырыс берушіден өтінім алған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жекелеген партиялармен жүзеге асыруы тиіс, келесі мекенжай бойынша: Астана, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24 ғимарат жүзеге асырады. Дәріхана қоймасының өкіліне өнім берушіден шығыс жүкқұжаттың және шот-фактураның негізінде тауар саны мен сапасы бойынша беріледі
Тапсырыс беруші нақты тауарды жеткізілген күннің 30 күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушінің шығыс жүктемесіне қол қойған сәтінен бастап және Өнім берушінің шот-фактураны ұсынғаннан кейін төлем жүргізеді.
Әлеуметті өнім берушінің баға ұсыныстарының аузы бекітілген конверттерде, мына мекенжай бойынша: Астана, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24 14с. 00 мин. 28.02.2023 г. бастап - 14 с. 00 мин. 07.03.2023 ж. дейін ұсынылады.
Әлеуметті өнім берушінің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу 14 сағ. 15 минутта 07.03.2023 ж. келесі мекенжайда: Астана, «Байқоңыр» ауданы, Ж.Досмұхамедұлы, 24, мәжіліс залында өткізіледі.
Әлеуметті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың ақырғы мерзіміне дейін берген бағалы ұсыныстарын қайтарып алуға құқылы.
Аузы жабылған баға ұсыныстары салынған конверттердің оң жағында өнім беруші мыналарды:
- өнім берушінің атауы, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды адресі,
- сатып алуды ұйымдастырушының атауы, мекенжайы,
- өнім берушінің қатысу үшін баға ұсыныстарын бар тауардың атауын көрсетеді.
10-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу
136. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін жабық күйде тек бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
137. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сұрату мен үлгілік сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартының талаптары сақталып, дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды жеткізуді жүзеге асыруға немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге оның келісімін білдіретін нысан болып табылады.
138. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсынысын қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қорытынды хаттамасын жасайды, оған:
1) сатып алынатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы мен бағасы, олардың саудалық атауы;
2) баға ұсынысын беру күні мен уақыты;
3) сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасу болжанатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы;
4) баға ұсынысы салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы енгізіледі.
Хаттама тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсына орналастырылады.
139. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Бірдей баға ұсынысы берілген жағдайда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Баға ұсынысын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 141-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.
140. Баға ұсынысы болмаған жағдайда баға ұсынысына сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.
141. Жеңімпаз тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:
1) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады (жіберіледі). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
2) заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесін (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесін (егер жарғыда құрылтайшылар, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, онда акция ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе сатып алуды хабарлау күнінен кейін берілген құрылтай шартының көшірмесі де ұсынылады);
5) "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасы арқылы алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, олар есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі;
6) Қазақстан Республикасы салық органының осы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтыны туралы анықтамасының түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).
Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші бірлесіп орындаушыға осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады.
Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда баға ұсынысы тәсілімен сатып алу өткізілген жоқ деп танылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды сатып алудың қорытындысын бекіту туралы шешім Сатып алуды ұйымдастырушының оның бекітілген күннен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Интернет-ресурсқа жарияланады,тел: 8 705 528 66 73.