Жедел ішек жұқпалы аурулары

Өткір немесе жедел жұқпалы ішек аурулары – жұқпалы дерт болып, аурудың қоздырғыштары асқазанға тек ауыз арқалы өтіп, асқазан-ішек ағзаларын зақымдайды. асқазан-ішек жолдары арқылы, нәжіспен сыртқы ортаға шығарылады.

Аурудың негізгі көзі – науқас адам, сондай-ақ вибрион мен бактерия тасымалдаушылар.

Ауру көктем, жаз айларында көбірек кездеседі, себебі бұл мезгілдерде ауа-райы жылы болады, күннің ысуы тағамдардың тез бұзылуына әсер етсе, екіншіден жеміс-жидектердің пісуі, оны адамдардың көптеп пайдалануы осы дерттің көбеюіне ықпал етеді.

Өткір ішек ауруларыныңқоздырғыштары адам ағзасына лас су, кір-қол, лас ыдыс, тұрмыстық заттар арқылы түсуі мүмкін.

Жұқпалы ішек ауруларының бірнеше түрлері бар- Сальмонеллез,дизентерия, холера

Клиникалық белгілері - жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, мазасыздану, бас ауруы, іштің кіндік аймағының уақ-уақ бүріп сырқаттануы.

Жұқпалы ішек ауруларынан сақтану жолдары:

Аурудың ең басты алдын алу жолы - жеке бас тазалығы сақтау. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Қайнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау және төменде көрсетілген қарапайым ережелердің орындалуының өзі–ауырмаудың басты кепілі.

- Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу!

- Ауыз суын немесе қайнатылған су ішу!

- Көкеністер мен жемістерді мұқият жуу!

- Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен, арықтардан суды пайдаланбау!

- Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау!

- Тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау!

- Үйдегі қоқысты уақытында шығару!

- Жас сәбилердің, балалардың заттарын (сүт ішетін бөтелке, еміздік т.б), ойыншықтарын таза ұстау керек!

Жұқпалы жедел ішек ауруының алғашқы белгілері басталысымен, өздігімен ем іздеми дәрігерге қаралып, аурудың асқынуын алдын алған жөн.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25 сәуір 2016 жылғы № 325 бұйрығын тиімділігін арттыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен 2017 жылдың 5-14 маусым аралығында жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде өткізілген онкүндікте « Достық».отбасылық денсаулық орталығында орталыққа келген кісілер арасында түсіндіру жүмыстары алып барылды және алып барылуда. Осы күнге дейін жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде жазылған 250 бүктеме үнпарақтары таратылды,орталықтағы бинероликте күніне 5-рет көрсетіледі.

  • 2007171
  • 2007172
  • 2007173

БАЙЛАНЫСУ

Астана қ., Ж.Досмухамедулы к., 24

  • dummy+7 (7172) 64-78-91, +7 (7172) 64-78-94 (регистратура)

  • dummy+7 (7172) 69-71-89 (СППиВК)

  • dummy center-dostyk@mail.ru

  • Амбулатория 1 - ул. Чехова, 14

  • Амбулатория 2 - ул. Т. Шонанулы 41, ВП-3

Жаңалықтарға жазылу

Біздің соңғы жаңалықтарымызға жазылыңыз!