Сәуірдің екінші жартысынан елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталмақ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымда вакцинация алу бойынша нұсқаулық ұсынып отыр.
- Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында алуға болады және ол екі кезеңмен 21 күндік айырмашылықпен жасалады;
- Жеке басты куәландыратын құжатымен «өз емханасына» дәрігердің шақыруымен келуі жеткілікті;
- Емханадағы тіркеу орнында вакцинация жүргізілетін кабинеттің нөмірін анықтаңыз. Жалпы, емханаға кірерде вакцигнация жүргізілетін ем-шара бөлмелері белгіленген;
- Екпе алмас бұрын пациент міндетті медициналық тексеруден өту тиіс. Оған коронавирусқа қарсы вакцина алу бойынша алгоритм түсіндіріледі;
- Дәрігер шағымдар мен анамнездерді, тексеруді, сауалнаманы толтыру, мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу және вакцинацияға жолдама беру, вакцинадан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ақпарат беріп, хабардар ету тиісті. Өз еркімен келгені жөнінде келісім алады. Вакцинацияға қарсы көрсеткіштер анықталған жағдайда, науқасқа екпе салдырмайтыны туралы анықтама беріледі;
- Орта медициналық қызметкер кезекпен ем-шара бөлмесіне шақырады;
- Екпе салдырмас бұрын егу кабинетінің медбикесі ақпараттық жүйеде вакцинацияға жолдама іздейді, (егер денсаулық жағдайы нашарласа, жедел медициналық көмек көрсетеді, дәрігерді шақырады);
- Вакцинациядан кейін медицина қызметкері пациентке «КВИ-ға қарсы вакцини салынды» Медициналық бақылау уақыты 30 минут ішінде» жазуы бар бейж таратады.Оған қоса, медициналық қызметкердің қадағалауымен емхананың күту залында 30 минут міндетті түрде болу туралы айтады;
- Пациент күту залында 30 минут бақылау үстінде;
- 30 минуттан кейін медицина қызметкері науқастың жағдайын бағалайды. Шағымдар болмаған жағдайда, үйіне баруға рұқсат етіледі;
- Осыдан кейін медициналық қызметкер бейджді егу кабинетінің медбикесіне және вакцинацияның аяқталуы туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу үшін тапсырады.
Учаскілік дәрігер 3 күн ішінде науқасты қашықтықтан бақылайды. (телефон немесе бейне қоңырау арқылы).
Медбике пациентті алдын-ала вакцинаның екінші дозасын алу үшін 21 күніне шақырады. 21-ші күні пациент вакцинаның 2-ші дозасын алуға келеді.
Сұрақтар мен сауалдар пайда болған жағдайда АМСК ұйымдарында арнайы ұйымдастырылған кол-орталығына хабарласуға болады. Телефон нөмірлері Қалалық денсаулық сақтау басқармасының www.uoz.astana.kz және емханалар сайтында бар.
Иммундау алдында:
1) екпе алатын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар, сондай-ақ вакцинациядан бас тартудың салдары туралы толық ақпарат беріледі;
2) ерікті келісім немесе бас тарту жазбаша түрде жазылады;
3) вакцинацияға шолу жасалды.
Әйел адамдарға вакцинация жүргізбес юұрыс оның жүктілігін және бала емізетінін анықтау қажет (күмән туындаған жағдайда жүктілік тесттерін қолдануды ұсыныңыз және / немесе вакцинацияны кейінге қалдырыңыз).
Айта кету керек, елорда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша «СК-Фармация» ЖШС-нен Басқарманың қоймаларына вакциналар түскен бойда тұрғындарды вакцинациялау дайын. Сондай-ақ, дозалар түскен бойда келу пункттері ұйымдастырылады.
Вакцинация бойынша Call-орталығы: +7 707 319 9998