Құрметті достар! Бұл видеода сіз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қандай медициналық қызметтерді тегін алуға болатынын біле аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, тегін медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан азаматтардың барлық санаттарына көрсетіледі.
Тегін медициналық көмек қолжетімді, егер сіз:
- ҚР азаматы
- Қандас (оралман)
- Босқын
- ҚР тұрақты тұратын шетелдік
- ҚР тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға
ТМККК шеңберінде Сіз мыналарға сене аласыз:
- Жедел медициналық көмек, соның ішінде сан авиация
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК)
- Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек
- Стационарды алмастыратын жағдайдағы медициналық көмек
- Стационарлық жағдайдағы медициналық көмек
- Медициналық оңалту
- Шетелде ҚР азаматтарын емдеу және отандық клиникаларда пациенттерді емдеуге шетелдік дәрігерлерді тартуды қаржыландыру
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
ТМККК бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тарту болмауы тиіс‼️
Медициналық қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда Қордың ресми кері байланыс арналары – 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты немесе Telegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.