50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін вакциналық препараттардың барлық түрлері, соның ішінде Pfizer қолжетімді болатынын атап өтті. Pfizer вакцинациясына мүмкіндігі шектеулі адамдарға рұқсат етіледі - бұл бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер.
Сондай-ақ, Pfizer вакцинациясына Қазақстанда "Комирнати" вакцинасымен вакцинациялаудың бастапқы курсын аяқтау үшін шетелде "Комирнати" вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар жіберіледі. Естеріңізге сала кететін жайт, "Комирнати" (Пфайзер) КВИ – ға қарсы вакцинациялауға жатады: 1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер - жүктіліктің 16-дан 37-аптасына дейін; 3) лактация кезеңіндегі әйелдер - бала 2 жасқа толғанға дейін, босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң (42 күннен кейін).