Previous Next

НЕЛІКТЕН МЕН БЕЙІНДІ МАМАНҒА УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕР АРҚЫЛЫ БАРУЫМ КЕРЕК?

Сіздер бұл сұрақты бізге күн сайын қоясыздар. Қордың Талдау және болжамдау департаментімен бірлесіп біз сіздер үшін жауаптар дайындадық. 
 
Пациенттің маршрутын құруда МСАК дәрігеріне бірінші кезектегі рөл беріледі, себебі:
 
✅ алғашқы қабылдау кезінде тек учаскелік терапевт алдын-ала диагноз немесе диагноз қояды және ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес түпкілікті диагноз қою үшін қажетті зерттеу әдістерін анықтайды
 
✅ дәл осы учаскелік дәрігерлер негізгі және қосалқы ауруларды анықтау үшін тексерулердің жалпы немесе кеңейтілген тізбесіне жолдама беруге уәкілетті
 
✅ Тек МСАК дәрігері ғана көрсетілімдер бойынша пациентті тәулік бойғы стационарға шұғыл емдеуге жатқыза алады, үйде стационар ұйымдастыра алады, қажетті тексеру көлемін жүргізгеннен кейін пациентті күндізгі стационарға немесе тәулік бойғы стационарға жіберуді жоспарлай алады, қажет болған жағдайда пациентті психологқа немесе әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібере алады, тегін дәрілік препараттарға рецептер жаза алады. 
 
✅ көп жағдайда қажет болған кезде пациентті диспансерлік есепке алатын және оның диагнозына сәйкес кейінгі диспансерлік бақылауды жүзеге асыратын учаскелік дәрігер болып табылады
 
✅ МСАК ұйымдарында тиісті менеджментті ұйымдастыру кезінде бұл бейінді дәрігерлерге қабылдау кезектілігін және негізсіз өтініштердің санын азайтуға көмектеседі. 
 
⁉️ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРДІҢ ЖОЛДАМАСЫ ҚАЖЕТ ЕМЕС? 
біздің инфографикадан қараңыз. 🙌
 
🤯 АҢЫЗ! 
 
Медициналық сақтандыру қоры учаскелік дәрігердің әрбір қабылдауына ақы төлейді, сондықтан емханаларға пациенттерді сол арқылы жіберген тиімді деген пікір бар. Бұл жаңсақ пікір. 
 
Учаскелік дәрігерлердің, оның ішінде терапевттердің қабылдауы мен консультациялары айына бекітілген бір адамға есептелінген МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілген. Бұл учаскелік дәрігерлердің қабылдауының саны МСАК-ты қаржыландыруға ешқандай әсер етпейтінін білдіреді.
 
☝️ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІНЕ КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 123-бабының 6-тармағына сәйкес алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады.
Кодекстің 13-бабына сәйкес, өз құзыреті шегінде олар уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар ауруларға байланысты бағдарламаны іске асыру бойынша ұсыныстарды енгізе алады.

БАЙЛАНЫСУ

Астана қ., Ж.Досмухамедулы к., 24

  • dummy+7 (7172) 64-78-91, +7 (771) 173-76-15

  • dummy+7 (7172) 69-71-89 (СППиВК)

  • dummy center-dostyk@mail.ru

  • Амбулатория 1 - ул. Чехоева, 14

  • Амбулатория 2 - ул. Т. Шонанулы 41, ВП-3

Жаңалықтарға жазылу

Біздің соңғы жаңалықтарымызға жазылыңыз!