Вакцинациялауға қатысты халықтың жиі қойылатын сұрақтарға Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.
Электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы арқылы поликлиникаға тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы авторизация жасау қажет.
«Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп, «Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетуші медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау керек.
Сосын «Онлайн сұрау» батырмасын басып, электронды форманы толтырып, сұрауды жібересіз.
Барлық қадамды дұрыс орындасаңыз, медициналық ұйымның электронды цифрлық қолтаңбасымен бекітілген тіркелу туралы хабалама келеді.
Тіркелуге 1 күн кетеді.
Поликлиникаға барып, өтініш беретін азаматтарға ЭЦҚ қажет емес, өтініш пен төлқұжат жеткілікті.
Мекенжай, жұмыс орны, оқу орны, жазасын өтеу орны, әскери қызметін өтеу орны ауысқан жағдайда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының қайта құрылуы немесе жабылуына байланысты жылына бір рет медициналық ұйымды ауыстыруға болады.
Сонымен қатар, жылына бір рет тіркелу науқаны кезінде поликлиниканы ауыстырға мүмкіндік бар.
Нұр-Сұлтанда тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Екпені алу үшін вакцинация жүргізіп жатқан медициналық ұйымға бірден жүгініп немесе алдын ала жазылып, вакцинацияға шақыруды күту керек.
Нұр-Сұлтан қаласының «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы ШЖҚ МКК халыққа екпе егуді бастағанын хабарлайды.
Коронавирустық инфекцияға қарсы Вакцинация жұмыс күндері және демалыс күндері 9.00-ден 00.00-ге дейін жүргізіледі.
Мекенжайы: Ж. Досмухамедұлы көшесі, 24 үй.
Тел: 8 (717) 2 64-78-94,
8 (717)264-78-86.
Жауаптылар:
Ногаева Раушан Абиловна 8 (775) 824-21-83
Бегимбаева Захида Рахаддиновна +7 (707) 389-62-10
Астана қ., Ж.Досмухамедулы к., 24
dummy+7 (7172) 64-78-91, +7 (771) 173-76-15
dummy+7 (7172) 69-71-89 (СППиВК)
dummy center-dostyk@mail.ru
Амбулатория 1 - ул. Чехоева, 14
Амбулатория 2 - ул. Т. Шонанулы 41, ВП-3